Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір жаңа бағыт ашылды

Маршруттағы автобус саны 10, қозғалыс аралығы 20 минут.

Алматы қаласы маңындағы қоғамдық көлік қозғалысын дамыту мақсатында Алматының қалалық мобилділік басқармасы биыл 20 қарашадан бастап №234 қала маңына қатынайтын маршрут ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл бағыт Еламан кентінен Алтай-1 (ВАЗ) шағынауданына дейін жүреді. Маршруттағы автобус саны 10, қозғалыс аралығы 20 минут.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы агломерациясын дамыту аясында 2023 жылы қалалық мобилділік басқармасы 25 елдімекенді қамтитын 10 жаңа қала маңына қатынайтын жаңа маршрут ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұрын 6 маршрут ашылды, қалған 3 бағыт әзірленіп жатыр.

Бұған қоса, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңы маршрутын ұйымдастыру жоспарға енген, бұл 50 елдімекенді қамтамасыз етеді.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.