Қалалық жаңа автобус бағытының іске қосылатынын Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство №89 жаңа қалалық бағыт 2023 жылғы 15 қарашада іске қосылатынын нақтылады.
Ол "Райымбек батыр" метро стансасынан Алматы облысының Іле ауданында орналасқан Gate City тұрғын үй кешеніне дейін қатынайды. Бұл бағытта көлік қызметін сыйымдылығы жоғары 13 МАЗ-203069 автобустары іске асырады, қозғалыс аралығы 8 минут болады.
2023 жылдың басынан бері 10 жаңа қалалық және қала маңындағы маршруттар ұйымдастырылып, 22 бағыттағы жылжымалы құрам жаңартылды.
Дереккөз: Zakon.kz