Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуі

2023 жылғы 29 қыркүйек сағ. 09:00-де Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаевтың Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесу Алматы қаласында өтеді.

09.00 – 10.00 – азаматтарды жеке қабылдау;

10.00 – 11.30 коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;

11.30 – 12.00 – өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.

Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі Алматы қаласы әкімдігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.

Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөмірі: 8 (775)123 42 39, және электрондық мекен-жай: b.isina@ecogeo.gov.kz.

Жеке қабылдауға жазылу үшін тел. 8 (775)123 42 39

Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар министріне сұрақ қоюға шақырамыз.

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.