Қоғамдық көлік жұмысының сапасын жақсарту және тұрғындарға ыңғайлы болу үшін 5 маршрутта (№38, 69, 47, 113, 125) 102 автобус жаңартылды. Бұл туралы аудан әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін 21 маршрут жаңартылып, күшейтіледі, автобустар саны 332-ден 411-ге дейін көбейтіледі.
«Сіздердің көптеген өтініштеріңіз бойынша биыл 3 бағдаршам құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Қазыбаев және Серіков көшелерінің қиылысында бағдаршам орнатылып, іске қосылды. Солтүстік айналым көшесіндегі 2 бағдаршамды қараша айында қосу жоспарланып отыр», - деді әкім.
5 жерүсті және 10 жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыстар осы қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі