
100 мектеп автобус Алматының 7 ауданындағы бастауыш сынып оқушылары мен мектептен шалғай тұратындарды тегін тасымалдайды. Бұл жобаны қалалық білім бөлімі жүзеге асырды.
Алматыда барлығы 30 мектеп қамтылады.
Балаларды тасымалдау педагогтың қатысуымен және балаларды тасымалдаудың әзірленген ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жүру маршруттары барлық балаларды тасымалдауға болатындай етіп жасалған.
2023 жылға "Мектеп автобусы" жобасының жоспары бойынша бірінші кезеңге қаланың 7 ауданында 30 мектеп анықталды:
- Алатау - №154, 179, 196, 204, 210.
- Әуезов - №9, 42, 127, 130, 153.
- Бостандық - №40, 88, 145, 183, 189, 190, 199.
- Жетісу - №80, 87, 193, 112, 103.
- Медеу -№7, 53.
- Наурызбай - №186, 200.
- Түрксіб -№20, 32, 162, 115.
"Мектеп автобусы" жобасының екінші кезеңін іске асыру үшін Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасы қала мектептері үшін қосымша 50 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.