Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда BAIQONYR кинофестивалі өтеді

6-10 қыркүйек аралығында Алматыда BAIQONYR халықаралық кинофестивалі өтеді. Кинофестивальдің миссиясы - кинематографтың дамуына жәрдемдесу, талантты авторларды қолдау және қазақстандық мәдениетті әлемдік кино қоғамдастығына ықпалдастыру.

Биылғы жылдың басты тосын сыйы жаңа халықаралық байқау болмақ - 8-ші кинофестивальге қысқаметражды ғана емес, сонымен қатар дебюттік толықметражды фильмдер да қатыса алады. Айта кетейік, фестиваль президенті Әнуар Кенжебаев жақында өткен Қазақстан киносыншылары қауымдастығының «Сыншылар таңдауы» жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде лауреаттар қатарынан көрінді.

Бұл жиында ол «Фестиваль қозғалысына қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдесіне ие болды. Фестивальдің бірегейлігі - ол осы жылдар бойы мемлекеттің қаржылық қолдауынсыз өткізіліп келеді.

Baiqonyr-2023 байқау бағдарламасы мынадай:

- халықаралық дебюттік толықметражды көркем фильмдердің байқауы;

- халықаралық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы;

- ұлттық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы.

Байқаулардың әрқайсысын беделді қазылар алқасы бағалайды.

Конкурстан тыс бағдарлама да ауқымды болмақ.

Ол жерде ТМД елдерінің кинотанушылары мен сыншыларының II форумы өтеді, оның жұмысына 30-дан астам шетелдік маман қатысады. Білім бағдарламасында танымал режиссерлер мен актерлерден мастер класс, воркшоптар мен дәрістер, киноиндустрияның өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер қамтылған.

Фестиваль ТМД мемлекеттерінің мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді.

 

 

Ақпарат көзі: Kazinform

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.