Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда дизельді автобустарды сатып алуға тыйым салынады

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевқа есеп беру барысында Алматыда мегаполисте қоғамдық көліктің экологиялық түрлеріне толық көшуі бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

"2023 жылы 1 430 бірлік экологиялық көлік жеткізіледі, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 600 автобус пен 100 троллейбус. Жеке тасымалдаушылар 730 автобус, оның ішінде 30 электробус сатып алатын болады. Келесі жылдан бастап дизельді автобустарды сатып алуға тыйым салынады", - деді Ерболат Досаев.

Аталған шаралар қоғамдық көлікті экологияландыру деңгейін 2023 жылдың өзінде-ақ 60%-ға және 2025 жылға қарай 100%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді, деп түйіндеді сөзін Алматы әкімі.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.