Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Оспанов көшесінде магистральдық құбыр тарту жұмыстары басталады

Ұңғымаларды іске қосу жөніндегі ауқымды жобаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 18 тамызынан бастап Есентай өзенінен «Каменское плато» резервуарына дейін Оспанов көшесі бойына магистральдық құбыр төсеу жұмыстары басталады.

 Бір жолақты уақытша жабу жоспарлануда (көше күндіз шағын учаскелермен және түнде толығымен жабылады). Жұмыстарды ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда.

 Маршруттарыңызды алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.

 Естеріңізге сала кетейік, биыл Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаланың оңтүстік бөлігін жерасты сумен жабдықтау көздеріне қосу жобасын әзірлеу басталды.

Жұмыс барысында тереңдігі 100 метрден асатын 4 қосымша ұңғыма іске қосылады және келесі құрылыстар салынады: 3 мың м3 екі резервуар («Балқаш» Таза Су Резервуары), «Каменское плато», «Юбилейный» және «Мұзтау» шағын аудандарына бағыт бойынша сорғы топтары бар «Балқаш» сорғы станциясы, диаметрі 325 мм магистральдық құбырлар жалпы ұзындығы-3,5 км., 2 300 м3 резервуар («№47 мектеп» ТСР). Бүгінгі таңда Каменское плато соңғы су қоймасында көлемі 500 текше метр болатын резервуар бар. Сонымен қатар, тұрғындардың су көлемін тұрақтандыру және сумен қамтамасыз ету үшін 300 текше метрлік резервуар салынады.

Нәтижесінде «Балқаш» ТСР жобасы «Каменское плато», «Көлсай», «Мұзтау» және «Юбилейный» шағын аудандарының 20 мыңнан астам тұрғынын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Дереккөз: Медеу ауданы әкімінің аппараты

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.