Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі

Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев айтты. Ол 2023 жылдың наурыз айынан бастап мегаполисте инвесторларға жан-жақты қолдау көрсететін құрылым бар екенін хабарлады. «Almaty Business Development Company» «Алматы қаласының бизнесті дамыту компаниясы» ЖШС-де қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша алуға болады.

«Компания консультация беру, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, рұқсат құжаттарын алуға жәрдемдесу және әкімшілік кедергілерді азайту арқылы инвесторларға жан-жақты қолдауды уақытылы көрсетуге бағытталған», - деді Берік Солтанбаев.

Тиісті басқарма басшысы 2023 жылдың 6 айында негізгі капиталға салынған инвестиция 604,4 млрд теңгеге жеткенін атап өтті.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.