Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша өшіріледі

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды өтінеді

Ыстық сумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша шектеулер ағымдағы жылдың 7 тамызынан бастап Алматы қаласының төрт ауданының аумағында сегменттік түрде енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ыстық су мына көшелер мен тұрғын үйлердің контурында орналасқан тұрғын және басқа ғимараттарға берілмейді:

Түрксіб ауданы:

- 7-11 тамыз аралығында Сейфуллин-Терехин-Дулатов-Ақан сері көшелерінің контурында;

- 21-25 тамыз аралығында - Физкультурная-Аймауытов-Щербаков-Чехов көшелері;

Жетісу ауданы:

- 21-25 тамыз аралығында-Беспаков-Жансүгіров-Жұмабаев-Омаров көшелері;

Наурызбай ауданы:

- 7-8 тамыз аралығында-Жүнісов-Райымбек-Алтын орда-Абай көшелері;

Медеу ауданы:

- 14-18 тамыз аралығында-Блок-Үштөбе-Тәтібеков-Гурилев көшелері;

- 14-19 тамыз аралығында - Казачка өзені – Құлжа трактісі-Атырау-1 - ықшам ауданы.

«Аталған жергілікті шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.