Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Медеу ауданында ағаштарды суару кестеге сәйкес жүргізілуде

Медеу ауданының оңтүстік бөлігінде аптап ыстықтың салдарынан мұздықтардың қарқынды түрде еруі нәтижесінде сумен жабдықтауда шектеу байқалады. Бұл жағдайға байланысты кейбір әлеуметтік желі қолданушылары осы аймақтағы ағаштардың қурап кетуі мүмкін екені туралы ақпарат таратты.

Осыған байланысты орталықтандырылған сумен жабдықтау жасыл желектерді суаруға арналмағанын және пайдаланылмайтынын хабарлаймыз. Суаруға арналған су жинау арық жүйесінен (ауданы - 37,5 га), 12 мотопомпаның, жинақтағыштың көмегімен Кіші Алматы өзенінен алынады. Бұл су автоматтандырылған жүйенің көмегімен жалпы ауданы 122,97 га болатын 25 мекенжайға пайдаланылады, сонымен қатар 30 арнайы техниканың көмегімен жалпы ауданы 36,75 га болатын 24 аймақ суарылады.

Жалпы, Медеу ауданында жалпы ауданы 197 га болатын 76 жасыл желек бар, оның 31-і сквер, саябақ, жасыл аймақ және 45-і жол, бульвар, жол айырыққа жатады.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.