Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алатау ауданының тұрғындары сумен қамтамасыз етіледі

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуінде айтты.

Функциялардың бір бөлігі Алматыға берілгеннен кейін Алатау ауданында ұзындығы 295 км инженерлік желілерді салу басталды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуінде айтты.

Атап айтқанда, маусым айында «Алғабас» және «Шапағат» шағынаудандарында ауыз су және кәріз жүйелерін салу жұмыстары басталды. Жұмыстар 2024 жылдың қазан айында аяқталады. Ал «Болашақ» биылғы жылдың қазан айында абоненттер сумен және кәрізбен қамтамасыз етіледі.

«Сондай-ақ қараша айына дейін «Саялы» шағынауданында кәріз жүйелерін салуды аяқтау жоспарлануда. Тамыз айында «Теректі», «Рахат-Мәдениет» шағынаудандарында сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысы басталып, 2024 жылдың соңына дейін аяқталады», - деді ол

 

Дереккөз: Almaty.tv.

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.