Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда «Ақбұлақ» жаңа кемпинг аймағы ашылды

Ол жақта 5 шатыр, жайлы самалжайлар, орындығы бар үстелдер, ұлттық нақыштағы «Алтыбақан» әткеншектері бар.

«Ақбұлақ» кемпинг аймағы тау демалысын, трекингті, хайкингті және шатыр тігіп, ұзақ уақыт серуендеуді ұнататындарға арналған жабдықталған жазғы лагерь.

Туристерді қызықтырар жаңа нүкте мегаполиске жақын жерде «Медеу» жолында көркі көз тартар «Көкжайлау», «Үш ағайынды», «Құмбел» және т.б. танымал тау бағыты бар Ақбұлақ («Просвещенец») шатқалында орналасқан.

Кемпинг аймақта жайлы әрі қауіпсіз демалуға барлық жағдай жасалған, 5 шатыр, жайлы самалжайлар, орындығы бар үстелдер, ұлттық нақыштағы «Алтыбақан» әткеншектері бар.

«Ақбұлақ» - соңғы жылдары Алматы қаласы туризм басқармасы ашқан жетінші кемпинг аймақ. Жыл соңына дейін тағы екеуін ашу жоспарланған.

«Ақбұлақ» кемпинг аймағының мекенжайы: Алматы қаласы, Керей және Жәнібек хан көшесі, «Ақбұлақ» аялдамасы.

Алматы қаласының туризм басқармасы демалушылардан табиғатты аялауды, тауға қоқыс тастамауға шақырады әрі тауға шығу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауды еске салады:

● Тауға бара жатқанда, жақындарыңызға бағытыңыз туралы хабарлау қажет.

● Ауа райына сай киініп, күн сәулесінен қорғаныңыз. Қажетті жабдықты, бас киімді, суды, портативті қуаттағыш пен қуатталған телефон алып шығыңыз.

● Тау соқпағынан басқа жаққа шықпаңыз.

● Құтқару қызметінің SMS ескертулеріне мән беріңіз.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.