Алматы қаласы Әуезов ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі бір күнге суық судан ажыратылады.
Суық сумен жабдықтаудан ажырату жұмыстары 2023 жылдың 16 маусымында Алматы қаласының Әуезов ауданында жүргізіледі.
Аталған күннің 9.00-ден 17.00-ге дейін №3 шағынаудан аумағында орналасқан үйлерде суық су болмайды № 1, 2, 41, 42, 42-А, 43, 43-А, 46, 47, 60.
Суық сумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша шектеулер, аталған қалалық массивтің су құбыры желілерінде жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіледі.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеміз.
Анықтама телефоны: 274-66-66.
Дереккөз: Almaty.tv