Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының бірнеше шағын аудандары суық судан уақытша ажыратылады

Алматының екі ауданындағы бірнеше тұрғын үй алаптары технологиялық жабдықты жоспарлы ауыстыруға байланысты бір күнге суық сумен жабдықтаудан ажыратылады.

17 мамырда сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін Медеу ауданының Атырау-1, 2, 3 шағын аудандарындағы тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.

18 мамырда сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін Әуезов ауданының «Таугүл-1» шағын ауданы №44-52, «Таугүл-2» шағын ауданы №1-4, 7-9, 12-14, 21-30, 36-40, 95-97 үйлерінде су беру уақытша тоқтатылады.

Уақытша қолайсыздыққа шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз.

Анықтама үшін телефон: 274-66-66.

 

Дереккөз: «Алматы су» МКК

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.