Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Әуезов ауданында 700-ге жуық бейнекамера орнатылады

Бүгін қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудандағы өзекті мәселенің бірі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін айтты.

Оның айтуынша, видеомониторинг жүйелері желісін кеңейту жобасы аясында ауданда адамдар көп жиналатын орында тағы 700-ге жуық камера орнату жоспарлануда.

«Жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында аудан көшелерінде 65 «Сергек» кешені жұмыс істейді (357 бейнекамера: оның ішінде желілік - 45, қиылыстарда - 20). Сонымен қатар 2023 жылдың бірінші тоқсанында аудан көшелерінде тағы 84 «Сергек» кешені (484 камера) орнатылды. Осылайша, аудандағы «Сергек» кешендерінің жалпы саны 149-ға жетеді», – деді Ерболат Досаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.