Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Әуезов ауданында аулаларды абаттандыру жұмысы қалай жүріп жатыр

Алматының Әуезов ауданында 161 аула жөнделуде. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

Жөндеу және абаттандыру жұмыстары қараша айында аяқталады.

Алматы қаласы Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуде әкім Ерболат Досаев қараша айында аяқталатын аулаларды абаттандыру және жөндеу жұмыстары туралы айтып берді.

"7, 8, 10, 12, Жетісу-1, 2, 3, 4 шағынаудандарының 161 ауласы қамтылады. Осы аулаларды абаттандыруды жүргізу осы шағынауданда тұратын 60 мыңға жуық қала тұрғыны үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді", – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, Әуезов ауданы тұрғындарының жайлы тұруы үшін наурыз айында Абай даңғылы мен Момышұлы көшесіндегі 2 проблемалық үнемі су басу учаскесі жойылды. Бұл ауданның магистральдық көшелеріндегі су тасқыны мәселесін шешуге көмектесті.

 

Дереккөз: Almaty.tv

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.