Алматыда тұрғын үйге салынған қосалқы кеңейтілім сот шешімімен бұзылып жатыр, деп хабарлайды Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасының баспасөз қызметі.
Мәуленов көшесіндегі № 96/77 үйге екі қабатты қосалқы кеңейтілім рұқсатсыз салынған.
Бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасының тексеріс қорытындысы бойынша құрылыс белгіленген тәртіпте сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамасыз, сәулет-техникалық қадағалауды тартусыз, құрылыстың басталуы туралы хабарламасыз шаруашылық әдіспен жүргізілгені анықталған болатын.
Алмалы аудандық соты әкімшіліктің талаптарын қанағаттандырды. 11 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен кеңейтілімді бұзу жұмысы басталды.
Дереккөз: Аlmaty.tv