Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда семсерлесуден Қазақстанның жазғы спартакиадасы басталды

Алматыда семсерлесуден Қазақстанның VI жазғы спартакиадасы басталды.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, турнир Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде өтіп жатыр. Оған 11 өңірдің спортшылары қатысуда. Бірінші күні қылыштасу бәсекесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Ерлер арасында 30 үміткер, ал әйелдер сайысында 29 спортшы бақ сынады.

Ерлер:

1 орын – Тамирлан Қалиев (Абай облысы)

2 орын – Ниязбек Сафинов (Абай облысы)

3 орын – Никита Пономарев (ШҚО)

3 орын – Ғалым Нұрымов (Алматы)

Әйелдер:

1 орын – София Ақтаева (Алматы)

2 орын – Күлжан Түсіпбекова (Абай облысы)

3 орын – Алина Искандерова (ШҚО)

3 орын – Аяулы Өтеуленова (Абай облысы)

Бүгін қылыштасудан командалық сайыстар өтеді. Одан кейін семсерлесу бәсекесінің үздіктері анықталады.

Спартакиада 15 сәуірде аяқталады.

Жарысқа қатысып жатқандардың арасында ұлттық құраманың Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Артем Саркисян сияқты үздіктері бар. Спартакиада қорытындысы бойынша олимпиадалық іріктеу турнирлері мен жазғы Азия ойындары сияқты халықаралық додаларда ел намысын қорғайтын ұлттық құрама мүшелері белгілі болады.

 

Дереккөз: Kazinform.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.