Ағымдағы жылдың 14 наурызында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Шымбұлақ" шаңғы курорты аумағында "Avalancheur" пневматикалық құралдары арқылы көшкіндердің профилактикалық түсуі жүргізілді.
Профилактикалық жұмыстарға "Шымбұлақ" шыңғы курорты қызметкерлері Алматы қаласы ТЖД., "Қазселденқорғау" ММ, "Қазгидромет"РМК мамандары қатысты. Профилактикалық жұмыстарды жүргізу нәтижесінде 900 текше метрден астам қар массасы түсіп, шаңғы курортының демалушылары үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етілді.
Естеріңізге сала кетейік, температуралық фонның жоғарылауына және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты Алматы тауларында көшкін қаупі сақталады. «Медеу»- «Туюксу» Улкен Алматы өзенінің бағытындағы автожолдарда блок-беккеттер орнатылды.
Осыған байланысты Алматы қаласының ТЖД осы уақытта таулы жерлерге бармауға, тік қарлы беткейлерден сақ болуға, тау шаңғысы курорттарындағы қоршаулардан шықпауға кеңес береді.
Дереккөз: Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті