Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Медеу ауданында 700-ден аса бейнебақылау камерасы орнатылады

Өткен жылы адам көп жиналатын орындарда жаңа 355 бейнебақылау камерасы орнатылған

Қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында, Алматыда 6000-нан астам бейнебақылау камерасын орнату жоспарланғанын, соның 750-і Медеу ауданына қойылатынын мәлімдеді.

Медеу ауданында халық тығыз қоныстанған, жол қозғалысы қарқынды. Сондықтан әкімдік қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі.

Қала әкімінің айтуынша, тәжірибе көрсеткендей, аудандағы қылмыстардың 80%-ы бейнебақылау камерасының көмегімен ашылады. Өткен жылы адам көп жиналатын орындарда жаңа 355 бейнебақылау камерасы орнатылған.

«Биыл Алматыда 6000-нан астам бейнебақылау камерасын орнату жоспарланған, оның шамамен 750-і Медеу ауданына қойылады», – деді Ерболат Досаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.