Балабақшаларда өрт қауіпсіздігі ережелерін оқытуда жаңа әдістеме енгізілді.
Аудандық Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе отырып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісінде өрт тақырыбы бар үстел ойындарын әзірлеп, енгізді.
Енді мектеп жасына дейінгі балалар «Құтқарушы Спасик» және «Өрт сөндіру көлігі» мультфильмі түріндегі пазлдарды жинайды.
Жаңа әдістеме балалардың логикалық ойлауын, ұсақ моторикасын дамытып қана қоймай, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі шаралары мен ережелерін үйретуге ықпал етеді. Пазлдарды құрастыру кезінде балалар отпен ойнау қаншалықты қауіпті, өрт сөндіру машинасы не үшін қажет және т.б. жағдайларды түсінді. Бұл ойын балаларға өрт қауіпсіздігі туралы алғашқы білімді береді. Барлық мектепке дейінгі балалар мекемелерін қамтуды жоспарлап отырмыз.
Дереккөз: Almaty.tv.