Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бостандық ауданында су басатын 5 аумақ жойылды

Қалған 10 учаске 2023 жылдың соңына дейін жөнделеді

Бостандық ауданында су басатын 5 аумақ жойылды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Бұл ауданда былтыр тұрақты су басатын 16 аумақ анықталған. Осы мәселені шешу үшін өткен жылдың желтоқсан айында су басуға бейім 6 аумақта ТЖ желісі бойынша жұмыстар басталған.

"Қазіргі таңда 913 метр арық желісін реконструкциялау және салу есебінен 5 учаске жойылды. Наурыз айының соңына дейін Тимирязев пен Айманов көшелерінің қиылысында тағы 1 аумақ жойылады. Қалған 10 учаске 2023 жылдың соңына дейін жөнделеді", – деді Ерболат Досаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.