Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда бірқатар қоғамдық көліктің бағыты уақытша өзгереді

В Алматы продолжаются съемки художественного фильма

Алматы қаласы көлік холдингінің ақпараты бойынша, 4 ақпанда сағат 12:00-ден 5 ақпанға дейін 08:00-ге дейін көркем фильм түсіріліміне байланысты №№45, 95, 121 бағыттардың сызбасы уақытша өзгеретін болады.

№45 – шығыс бағытта – Тимирязев көшесі – Желтоқсан көшесі – Абай даңғылы – Достық даңғылы – бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта – Достық даңғылы – Абай даңғылы –Желтоқсан көшесі – бұдан әрі сызба бойынша;

№95 және №121 – шығыс бағытта – Сәтбаев көшесі – Желтоқсан көшесі – Абай даңғылы – Достық даңғылы – бұдан әрі сызба бойынша, кері бағытта – Достық даңғылы – Абай даңғылы – Желтоқсан көшесі – Сәтпаев көшесі – бұдан әрі сызба бойынша.

Фильм түсіріліміне байланысты 4 ақпанда сағат 12:00-ден 5 ақпанда 8:00-ге дейін Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі Республика алаңы қозғалыс үшін уақытша жабылады.

Бұл жерде пиротехниканың, түтіннің және  көпшіліктің көмегімен түсірілім болады, сол себепті қатты дыбыстар шығып, түтін болуы мүмкін. Фильмді шығаруға жауапты Компания жақын маңдағы үйдің тұрғындарын ескертеді және қолайсыздық үшін қала тұрғындарынан алдын ала кешірім сұрайды.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.