Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Каскадты әдіс: Әуезов ауданында зардап шеккен халықты қабылдау пункттері туралы айтылды

 «Төтенше жағдайлардағы тәртіп ережелері туралы халықтың хабардарлығын» арттыру мақсатында Әуезов ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицерінің қатысуымен балабақшалар, мектептер, колледждер директорлары үшін сабақ өткізді.

Ауданның білім беру объектілерінің басшыларына «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қаупі мен туындауы кезіндегі халықтың іс-әрекеті» жеткізілді. Тыңдаушыларға ауданның «Зардап шеккен тұрғындарын» қабылдау пункттері және олардың орналасқан жерін қалай анықтау керектігі туралы айтылды. «Жиналған эвакуациялық пункттерді» көрсетті, «Адамдар көп жиналатын объектілердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін», «Өрт кезіндегі іс-қимылдарды» жеткізілді. Тақырыпты бекіту үшін әр тыңдаушыға жадынамалар мен брошюралар табысталды.

Айта кету керек, іс-шарада оқытудың каскадты әдісі қолданылады, бұл халықтың көп бөлігін біліммен қамтуға мүмкіндік береді.

Зардап шеккен халықты қабыдау пунктінің орналасқан жері туралы ақпарат қала және аудан әкімдігінің сайттарында орналастырылған, сондай-ақ Дармен және 2ГИС қосымшаларында танысу мүмкіндігі бар.

 

Дереккөз: Каскадты әдіс: Әуезов ауданында зардап шеккен халықты қабылдау пункттері туралы айтылды

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.