Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Наурыз мейрамына орай үздік дизайн конкурсы жарияланды

Өтінім қабылдау 31 қаңтардан басталып, 20 ақпанға дейін жалғасады

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы «Наурыз мейрамы-2023» арналған ең үздік визуалды безендіру дизайнына конкурс жариялайды.

Байқауға қатысу үшін қаланы билбордтармен безендіру бойынша түпнұсқа тұжырымдамасын әзірлеу және оны альбом түрінде ұсыну қажет: альбом стилистиканы, түс схемасын және билбордтардың дизайнын қамтуы керек. Жұмыстар салмағы 20 Мб-тан аспайтын PDF форматында қабылданады, бастапқы файл CorelDraw (қисық) бағдарламасында жасалуы керек.

Өтінім  қабылдау 31 қаңтардан басталып, 20 ақпанға дейін жалғасады. Үздік жұмысты 21 ақпанда Дизайнерлер одағының, Суретшілер одағының,  Алматы қаласы жоспарлау және урбанистика басқармасының, сондай-ақ Алматы қаласы мәдениет басқармасының өкілдері кіретін жұмыс комиссиясының мүшелері таңдайды. Байқау нәтижелері Алматы қаласы мәдениет басқармасының ресми сайтында жарияланады.

Ең үздік дизайн қаланың жарнама алаңдарында орналастырылады.

1 орын үшін жүлде қоры – 1 млн теңге, 2 орын үшін – 500 000 теңге, 3 орын үшін – 300 000 теңге

Ұсыныстарды альбом түрінде almatymadeniet02@gmail.com электрондық поштаға жіберілуі керек.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.