Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласының Бас жоспарына қатысты қоғамдық тыңдау қашан өтеді

Бұл туралы қала әкімі Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуде айтты

Алматы қаласының Бас жоспарына қатысты қоғамдық тыңдау өтеді. Бұл туралы қала әкімі Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуде айтты деп.

Кездесу барысында Алатау ауданының тұрғыны үйді бұзу мәселесіне қатысты сұрақ қойды.

«Мәдениет шағынауданда тұрамын. Үйім №196 мектептің жанында. Өткен жылдан бері үйді бұзу мәселесі шешілмеген», – деді Алатау ауданы тұрғыны

«Келесі аптада 25-27 қаңтар аралығында 2040 жылға дейін Бас жоспардың жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді. Онда шешімдер ұсынылады. Мен сізді жобамен жеке танысуға шақырамын. Құжатта Мәдениет шағынауданы мәселесі де көрсетілген. Алатау ауданының әкіміне ауданның белсенді тұрғындарын тыңдауға шақыруға тапсырма беремін», – деді Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.