Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 5 мектеп салынады

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты

Биыл Алатау ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 5 мектеп салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

«2022 жылы Алатау ауданында 7800 орындық жоспарланған 5 жаңа мектептен Саялы, Томирис, Нұркент және Рахат-Мәдениет шағынаудандарында 6300 орындық 4 мектеп ашылды. Дархан шағынауданындағы 1500 орындық мектеп 99% дайын, оны осы жылдың қаңтар айының соңында ашу жоспарланған. Осы мектептің ашылуын ескере отырып, оқушы орнының тапшылығы шамамен 4 мың орынға дейін азаяды және 2022 жылдың басындағы тапшы 9 100 орынмен салыстырғанда 2 еседен көп мөлшерге азаятынын атап өткім келеді. Өткен жылдың қыркүйек айында Саялы-2 шағынауданында 550 орындық мектеп құрылысы басталды, оны 2023 жылдың қараша айында аяқтауды жоспарлап отырмыз.

2023 жылы 10 050 орындық тағы 6 мектептің құрылысын бастау жоспарланған. Зерделі шағынауданында 2023 жылдың І тоқсанында 550 орындық мектеп құрылысын бастау көзделген. Самғау, Алғабас, Қарасу және Теректі мен Ақбұлақ шағынауданында 690 орындық №154 мектепті бұза отырып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 5 мектеп салынады», - деді қала әкімі.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.