2023 жылдың 18 қаңтарында Алматы қаласы, Наурызбай ауданы «Абай» ықшам ауданында 1200 оқушы орынға арналған №207 мектеп-лицейі ашылды. Қазіргі таңда мектепте 85 сынып 2207 оқушы білім алуда. Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.
Заман талабына сай салынған оқу ғимараты 10 блоктан тұрады. Мектепте сыртқы спорт алаң мен ойын алаңдары бар.Мектепте 82 оқу кабинеті, жаңа талапқа сай асхана, робототехника мен спорт зал, мультимедиялық кабинеттер мен кітапхана бар. Мектеп асханасында бір мезетте 180 оқушы тамақтана алады. Қазіргі уақытта 1-4 сыныптардың 1100 оқушылары тегін тамақтанады. Сонымен қатар мектеп оқушыларын тасмалдайтын 4 бағытта 4 автобус жүреді.
Оқу кабинеттері интерактивті панель, SMART тақтамен және заманауи модификациядағы жиһаздармен жабдықталған. Оқу кабинеттерінде панорамалық әйнектер қойылған. Мектеп дәліздері мен кабинеттері кең, жарық және эрогономикалық интерьермен ерекшеленеді.
Мектеп білім берудің жаратылыстану-математикалық бағытын тереңдету бойынша жұмыс істейді және осыған орай шығармашылыққа бейім, құзыреттілікке ие және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру көзделеді.
Арнайы биология, химия, физика, робототехника пән кабиеттері және зертханалары практикалық жұмыстарға қажетті көрнекі құралдармен жабдықталған. Қыздарға арналған тігін шеберханасы мен ұлдарға арналған саз балшықпен және керамика өңдеу дөңгелектері бар. Спорттық бұйымдармен толық жабдықталған 1 спортзал бар.
Мектеп Face ID заманауи қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Ата-аналар балалардың кіруі мен шығуы туралы хабарламалар алады.
Нақтырақ айтқанда, Face ID қауіпсіздік жүйесінің базасына енгізілмеген бала немесе бөтен адам ғимаратқа кірсе, онда күзет бекетінде «бөтен адам» бейнеленеді және күзет бұл адамның кім екенін және мектепке қандай мақсатпен келгенін анықтай алады.
Мектептің салтанаты ашылу рәсімі Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі Тоғай Санжар Әділұлы, Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы міндетін атқарушы Сайлаубай Айдын Саулаубайұлының қатысуымен өтті.
Дереккөз: Алматы қаласы білім басқармасы