17 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 051 адам коронавирус инфекциясынан (–1 899+ және 152 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 193 пациент стационарда, 1 858 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 10 адамның жағдайы ауыр,
- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бүгінгі күнге Қазақстанда I компонентпен 10 858 101 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 629 063 адам. Ревакцинацияланды 5 743 697 адам.
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі