Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Көктайғақ болады: алматылықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады

Алдағы екі тәулік бойы ауа температурасы түнде 18, күндіз 15 градусқа дейін төмендеп, аяз болады деп күтілуде

Алдағы екі тәулік бойы Алматы қаласында қалың қар жауып, ауа температурасы түнде 18, күндіз 15 градусқа дейін төмендеп, аяз болады деп күтілуде. Синоптиктердің болжамы бойынша одан кейінгі күндері 25 градусқа дейінгі қатты аяз болады.

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс жасауда, өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

"Көктайғақтың пайда болуына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арқашықтықты ұлғайтуға кеңес береміз. Ал жаяу жүргіншілерді тротуармен жүргенде абай болуларын сұраймыз. Жұмысқа кешігудің алдын алу үшін үйіңізден ертерек әрі жылы киініп шығуға кеңес беріледі. Құрметті қала тұрғындары! Жол жүргенде абай болып, өміріңізге қауіп төндірмеңіздер", - делінген хабарламада.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.