Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының мемлекеттік мектептерінде 133 мың бала тегін тамақтанады

Ол үшін жыл соңына дейін жергілікті бюджеттен 5,3 миллиард теңге бөлінді.

Биылғы оқу жылында Алматының мемлекеттік мектептерінің барлық бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

Оқушылардың жалпы санының 45%-ға жуығы немесе 133 мың бала мектептерде тегін тамақтанады. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова айтты. Ол үшін жыл соңына дейін жергілікті бюджеттен 5,3 миллиард теңге бөлінді.

«Келесі жылы азық-түлік құнын 560 теңгеден 800 теңгеге дейін көтердік, 2023 жылдың бюджетінде бұл үшін 18 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылды. Оқушыларды ұтымды теңгерімді тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін маусымдық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қаланың барлық мектептері үшін орталықтандырылған 4 апталық ас мәзірі бекітілген», - деп хабарлады Ә.Нүсіпова.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.