Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда заңсыз салынған нысан сүрілді

Құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нұрлытау шағынауданында салынып жатқан көпқабатты үй бүгін сот орындаушыларының қатысуымен сүріле бастады.

2022 жылдың наурыз айында Қала құрылысын бақылау басқармасы жүргізген жоспардан тыс тексеру нысанның заңсыз салынып жатқанын анықтады. Құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нұсқама мерзімінің өтуіне байланысты заң бұзушылықтар жойылмай, осыған байланысты материалдар заңсыз тұрғызылған нысанды бұзу үшін Бостандық аудандық сотына жолданды. Аудандық сот нысанды бұзу туралы оң шешім шығарғанымен, нысан иесі оған кері шағымданған.

Сот отырысының қорытындысы бойынша Алматы қалалық соты Бостандық аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.