Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жыл басынан бері Медеу ауданының экономикасы 7%-ға өскен

Оның даму драйверлері бөлшек сауда, өнеркәсіп және құрылыс болып табылады.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы халқымен кездесуінде осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып өтті.

"Аудан экономикасының өсуі 7%-ды құрайды, оның даму драйверлері 84%-ға өскен бөлшек сауда және 4,1%-ға өскен өнеркәсіп, құрылыс (3,4%) болып табылады", - деді әкім.

Оның айтуынша, инвестиция көлемі 35,3%-ға өсіп, 191,4 млрд. теңгені құраған.

Шағын және орта бизнес көлемі 29,6%-ға өсті (36 593 субъект).

Ауданда 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.

Салық түсімдерінің көлемі 751 млрд. теңгені құрап, 42,9%-ға өсті.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.