Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

CAREER TIME: Алматыда жұмыссыз жастарға арналған жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті

Бос орындар жәрмеңкесіне 5 мыңға жуық адам қатысты

"Балуан Шолақ" спорт кешенінде қала колледждері мен ЖОО түлектері, сонымен қатар жұмыссыз жастарға арналған қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Бос орындар жәрмеңкесіне қаладағы 200-ден астам жұмыс беруші мен 5 мыңға жуық адам қатысты. Олар – 35 жоғары оқу орнының, 83 колледждің түлектері мен жұмыссыз жастар.

Жәрмеңке қонақтары ҚР еңбек заңнамасына сәйкес білікті мамандардан толық ақпарат алып, буклеттер мен жадынамалар түріндегі анықтамалық-ақпараттық материалдармен танысты, сондай-ақ жұмысқа орналасу бойынша жетекші мамандардың шеберлік дәрісінен өтті.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.