Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жұмыс комиссиясы "Алматы жылу желілері" ЖШС техникалық жағдайына тексеру жүргізді

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы жұмыс комиссиясының құрамында "Алматы жылу желілері"ЖШС техникалық жай-күйіне тексеру жүргізді. Жұмыс комиссиясының құрамына Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы, сондай-ақ атом энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті кірді.

"Алматы жылу желілері" ЖШС алматылықтардың үйлеріне жылу мен ыстық судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ететін Алматы қаласының жылу-энергетикалық кешенінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады. Тексеру барысында авариялық тауарлық-материалдық қорлар, қаланың сорғы станцияларының жұмысқа қабілеттілігі, авариялық бригадалардың жарақтандырылуы қайта тексерілді.

Сондай-ақ, жұмыс комиссиясы "Алматы жылу желілері" ЖШС бригадасы жүргізетін жөндеу жұмыстарының барысын Сайран ш/а, 2ү. мекенжай бойынша тексерді. 11 сағат 40 минутта диаметрі 76 мм құбырдағы зақым анықталды, бұл осы учаскеде соңғы 5 жылда бірінші болып табылады. Тарату жылу желісін жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 4 бірлік мамандандырылған техника мен жеке құрамның 6 адамы тартылды. Жұмыс сағат 14:15-те аяқталды, жылу энергиясы мен ыстық су толық көлемде қалпына келтірілді.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.