Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда коронавирустың цербер штамы анықталған жоқ

Мегаполисте коронавирустың «цербер» штамы анықталған жоқ. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты.

«Қазақстанда коронавирустың «Цербер» штамы анықталды және бұл туралы хабарланған болатын. Қазіргі уақытта жаңа штам үлгісі секвестрлеу барысында. Яғни, бұл штамм бүгінде Алматыда анықталған жоқ», - дейді спикер.

Оның айтуынша, «цербер» - «омикрон» штамының нұсқасы.

«Штамм тез жұғуымен ерекшеленеді, алайда аса қауіпті емес. Негізгі белгілері - дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтел, тамақ ауруы, шаршау, мұрын бітелуі, бас ауруы, буын және бұлшықет ауруы. Яғни, коронавирустың алдыңғы түрлеріндегі барлық белгілер бар. Тағы бір айта кетерлігі, «цербер» штамында – иіс сезі қабілеті жоғалуы мүмкін», - деді спикер.

Еске сала кетейік, бірінші желтоқсан күні Қазақстанда «Цербер» штамы табылғанын хабарлаған едік.

Кейін Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Қазақстанда анықталған «Цербер» штамының ерекшеліктерін түсіндіріп берді.

 

Дереккөз: inform.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.