Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Шымбұлақта 26 қараша күні тау шаңғысы маусымы ашылады

26 қараша күні биік таулы курортта қысқы маусымның ресми түрде ашылады. Шымбұлақта сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері түнгі уақытта да сырғанауға болады. Демалушылар үшін ұзындығы 25 шақырым болатын түрлі қиындықтағы 14 тас жол қарастырылған.

маусымда «Шымбұлақта» Almaty Extreme Games және Happy Hour Сamp фестивалін және фристайл-могул мен фристайл-акробатика бойынша Әлем кубогының-2022/23 маусымындағы финалдық кезеңін өткізу жоспарланып отыр.

Oi-Qaragai тау шаңғы курортында қысқы маусым 3 желтоқсан күні ашылады. Жалпы ұзындығы 22 шақырымдық 20 тау шаңғысы және шана-баллон жолдары алғашқы қонақтарды қабылдайды.

Айта кетейік, Шымбұлақ және Oi-Qaragai тау шаңғы курорттары бірыңғай маусымдық абонементті шығарады. Қыс мезгілінде абонемент иесі екі курорттағы көтергіштерді шектеусіз пайдалана алады. Бұл Алматы және Алматы облысының тау курорттарын біріктірудің алғашқы кезеңі.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.