Алда келе жатқан кезектен тыс президент сайлауында Алматы тұрғындары тіркеуде бар-жоғына қарамастан, дауыс бере алады.
Заңнамада уақытша немесе тұрақты тіркелген азаматтар дауыс бере алатыны анық жазылғанын атап өтейік. Сондықтан қазіргі сайлау науқанына дейін тұрақты тіркеуі жоқ қазақстандықтардың дауыс беруіне жол берілмей келген.
Үкімет қаулысымен ішкі мигранттарды тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, бұл азаматтардың тіпті сайлау күні тікелей сайлау учаскесінде тіркелуіне мүмкіндік береді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес азаматты сайлау құқығын жүзеге асыру және сайлаушылар тізіміне енгізу мақсатында тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды тіркеу тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші негізінде дауыс беру күні сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша ғимаратқа немесе үй-жайға тіркеуге рұқсат етіледі», - делінген ішкі мигранттарды тіркеудің жаңартылған қағидаларында.
Осылайша, тіркеуі жоқ алматылықтар мен басқа өңірлердің тұрғындары 20 қараша күні сайлауда дауыс бере алады.
Сайлау күні әрбір ауданда арнайы учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істейді, олар арқылы дауыс беру үшін бір күнге тіркелуге болады.
Келесі күні, 21 қарашада жүйе сайлау учаскесінің мекен-жайы бойынша тіркелген азаматтарды есептен шығарады.
Алматыда сайлау күні 55 сайлау учаскесі жұмыс істейді, қалада тіркеуі жоқ болған жағдайда оларға тіркеліп, дауыс беруге болады, бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова айтты.
Учаскелердің тізімі қоса беріледі.
Аумақ/қала | Учаскенің № | Мекен-жайы (көше, үй №) | Орналасқан жері (мектеп, мәдениет үйі, мемлекеттік мекеме және т. б.) |
2 | 3 | 4 | 5 |
Алатау | 20 | Шаңырақ-2 шағынауданы, Жанқожа батыр көшесі, 134 | «№26 Жалпы білім беру мектебі» КММ |
Алатау | 23 | Ұлжан-1 шағынауданы, Жалайыр көшесі, 48 | «№152 мектеп-гимназия» КММ |
Алатау | 35 | Өжет шағынауданы Әуезов көшесі, 48 | «№156 Жалпы білім беру мектебі» КММ |
Алатау | 485 | Алғабас шағынауданы, Алдияр көшесі, 16 | «№185 Жалпы білім беру мектебі» КММ |
Алатау | 487 | Мадениет шағынауданы, Сүлейменов көшесі, 15 | «№196 Жалпы білім беру мектебі» КММ |
Алатау | 569 | Нұркент шағынауданы, 12 | «№201 мектеп- гимназия» КММ |
Алатау | 615 | Саялы шағынауданы, Аққайнар көшесі, 3 | «№204 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Алмалы | 61 | Бөгенбай батыр көшесі, 260 | «№124 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Алмалы | 79 | Мұратбаев көшесі, 200 | «Абылай хан атындағы ҚХҚ және ӘТУ» АҚ |
Алмалы | 84 | Шевченко көшесі, 97, | «Логистика және көлік академиясы» АҚ |
Алмалы | 95 | Әди Шәріпов көшесі, 53 | «№95 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Алмалы | 109 | Райымбек даңғылы, 174 | «Алматы сән және дизайн колледжі» МКҚК |
Алмалы | 111 | Панфилов көшесі, 127 | «Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ |
Алмалы | 115 | Чайковский көшесі, 7 | «Алматы туризм және қонақ жайлылық индустриялық колледжі» КММ |
Әуезов | 139 | Жандосов көшесi, 63 | «Алматы көпсалалы колледжі» МКҚК |
Әуезов | 170 | Саин көшесi, 32 | «Алматы құрылыс-техникалық коледжі» МКҚК |
Әуезов | 166 | Тастақ-1 шағынауданы, 1В | «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі» МКҚК |
Әуезов | 147 | 8 шағынаудан , 45 | «№119 мектеп-лицейі» КММ |
Әуезов | 140 | 10 шағынаудан, 23Г | «№1 мектеп-гимназиясы» КММ |
Әуезов | 141 | Жандосов көшесi, 55 | «Нархоз университетi» АҚ |
Әуезов | 200 | Жетiсу-1 шағынауданы, 32А | «Қазақ жол қатынастары университеті» |
Бостандық | 255 | Сәтбаев көшесі, 3А | «№23 мектеп-гимназия» КММ |
Бостандық | 248 | Түркебаев көшесі, 233 | «М. Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназия» КММ |
Бостандық | 250 | Панфилов көшесі, 205 | «М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей» КММ |
Бостандық | 234 | «Орбита-3» шағынауданы, 55А | «№40 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Бостандық | 238 | «Орбита-3» шағынауданы, 55 | «№45 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Бостандық | 271 | Бұқар Жырау бульвары, 50Б | «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Бостандық | 244 | Гагарин даңғылы, 135А | «Әділет колледжі» ЖШС |
Бостандық | 296 | Ғабдуллин көшесі, 67 | «№69 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Бостандық | 298 | Гагарин даңғылы, 311 | «№146 мектеп-лицей» КММ |
Бостандық | 287 | Тимирязев көшесі, 50 | «Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжі» МКҚК |
Жетісу | 347 | Жансүгіров көшесі, 352 | «№101 Мектеп-гимназия» КММ |
Жетісу | 327 | Айнабұлақ-2 шағын ауданы, 65А | «№137 Жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Жетісу | 338 | Колпаковский көшесі, 26 | «№143 Сүйінбай А. атындағы мектеп-лицей» КММ |
Жетісу | 354 | Құлагер шағын ауданы, 52 | «№148 Мектеп-гимназиясы» КММ |
Жетісу | 498 | «Кемел» шағын ауданы, Жар-жар көшесі, 54 | «№193 Жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Медеу | 371 | Достық даңғылы, 59 | «№35 Гимназия» КММ |
Медеу | 370 | Алатау ықшам ауданы, Жетбаев көшесі, 15 | «№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Медеу | 378 | проспект Абая, 8 | «Қазақ ұлттық аграрлық университет» КЕАҚ |
Медеу | 366 | Орынбор көшесі, 17 | «73 Гвардиялық Қызыл тулы Сталинград Дунай атқыштар дивизиясы атындағы №64 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Медеу | 374 | Қалдаяқов көшесі, 62 | «№33 мектеп-лицей» КММ |
Медеу | 412 | Думан шағын ауданы, Қарқаралы көшесі, 15 | «№172 мектеп-гимназия» КММ |
Медеу | 415 | М. Жуков көшесі, 140 | «№77 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Наурзыбай | 505 | Қалқаман-2 шағын ауданы, Қыдырбеков көшесі, 32 | «№157 жалпы білім беретін мектеп» |
Наурзыбай | 507 | Қалқаман-2 шағын ауданы, Сәдуақасұлы көшесі, 47 | «№176 мектеп-гимназиясы» КММ |
Наурзыбай | 513 | «Қарағайлы» шағын ауданы, Қали Надыров көшесі, 50 | «№192 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Наурзыбай | 539 | Шұғыла шағын ауданы, 340Б | «№174 мектеп-гимназиясы» КММ |
Наурзыбай | 541 | Таусамалы шағын ауданы, Жандосов көшесі, 4 | «№188 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Түрксіб | 425 | Огарев көшесі, 6 | «№44 мектеп-гимназия» КММ |
Түрксіб | 432 | Сүйінбай даңғылы, 505 | «№32 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Түрксіб | 444 | Нұрсая көшесі, 56 | «№84 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Түрксіб | 436 | «Жұлдыз-1» шағынауданы, 20 үй | «№142 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Түрксіб | 453 | Шолохов көшесі, 28 | «№83 Мектеп-гимназия» КММ |
Түрксіб | 455 | Л. Толстой көшесі, 20 | «№61 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Түрксіб | 551 | «Жас қанат» шағынауданы, 129 үй | «№198 жалпы білім беретін мектеп» КММ
|