Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда ALA жазуы формасындағы бақ пайда болады

ALA жазуы ғарыштан көрініп, Алматы бағы Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін.

Алматыда қаланың халықаралық коды – ALA әріптері формасында бақ отырғызылып жатыр.

ALA жазуы ғарыштан көрініп, Алматы бағы Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Әріптер формасындағы бақ әуе кемесі қонуға дайындалғанда борттағыларға көрінетіндей етіп отырғызылған.

«Дүниежүзілік тарихта қалуға тырысамыз. Бұл бірегей орын Гиннестің рекордтар кітабына ең үлкен сөз ретінде кіре алады», - дейді жоба авторы, продюсер Дәуіт Шайхисламов.

Автордың айтуынша, 3 гектардан аса алқапқа 2,5 мың екі метрлік арша отырғызылған.

«Ағаштар – болашақ ұрпаққа мұра. Олар ондаған жылдар бойы өсіп, жасыл желекті қалыптастырып, ең маңызды адами құндылықтарды бейнелейді. Осы белгі арқылы біз қалаға деген сүйіспеншілігімізді бөлісеміз», - дейді Дәуіт Шайхисламов.

Ертең, 18 қарашада қоғам белсенділері Алматы әкімдігімен бірлесе ALA бағын отырғызуды аяқтайды.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.