Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жетісу ауданында емхана мәселесі қалай шешіліп жатыр

Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты.

Жетісу ауданындағы Кемел шағынауданындағы 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты.

«Осы жылдың соңына дейін Кемел шағынауданындағы 200 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысын аяқтау жоспарланған. Бүгінгі таңда шатырды жабу, сыртқы инженерлік желілер бойынша жұмыстар аяқталды, ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. 2022 жылдың тамыз айында Омаров көшесінде ауысымына 200 келушіні және Нүсіпбеков көшесінде 300 келушіні қабылдайтын емханаларды орналастыру үшін 2 ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жылдың соңына дейін аяқталып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылы бастау жоспарланған», – деді қала әкімі Ерболат Досаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.