Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Көктайғақ: алматылық көлік жүргізушілерге дөңгелектерді ауыстыру ұсынылды

Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы алматылық көлік жүргізушілерге бірқатар кеңес берді.

 «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша бүгін, 8 қарашада Алматыда күні бойы қатты жаңбыр жауып, арты сілбі қарға ұласады деп күтіледі. Осыған орай қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы алматылық көлік жүргізушілерге бірқатар кеңес берді.

«Құрметті алматылықтар!

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша бүгін, 8 қарашада Алматыда  күні бойы қатты жаңбыр жауып, арты сілбі қарға ұласады деп күтілуде. Түнде 8-ден 9 қарашада ауа температурасы -1...-3 градусқа дейін төмендейді, көктайғақ болады.

Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында автокөлік жүргізушілеріне жазғы шиналарды қысқы шиналарға уақтылы ауыстыруды ұсынамыз. Жолда көктайғақтың әрі қозғалыс бөлігінде тайғанақ қабыршықтардың пайда болуына байланысты жүргізушілер қозғалыс жылдамдығын төмендетіп, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттырып, бүйірлік аралықты сақтаулары, кенеттен маневрлер мен тежеулер жасаудан аулақ болулары тиіс», - делінген хабарламада.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.