Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені анықталды

Қала әкімдігі алматылықтарды бұл тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмауға шақырады.

Қарағайлы шағынауданындағы Французский дом тұрғын үй кешені рұқсат құжатынсыз салынып жатыр. Әрі меншік иесі шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер телімінде тұрғын үй кешенін салып жатыр.

Қала әкімдігі алматылықтарды бұл тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмауға шақырады.

Қала құрылысын бақылау басқармасы шілде айында нысанды жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша меншік иесі ӘҚБтК-нің 316-баптың 1 бөлігі, 321 бап бойынша жауапкершілікке тартылды, сонымен қатар, аталған заң бұзушылықты 19.10.2022 жылға дейін жою туралы бұйрық шығарылды. Бұйрық мерзімі өткен соң оны орындау үшін қайта тексеру тағайындалды, қазір құжаттары прокуратурада тіркеліп жатыр.

Сонымен бірге, басқарма құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге және салынып жатқан жылжымайтын мүлікті сатуға алдын ала шарт жасасуға тыйым салу туралы талап-арызды сотқа жолдады.

Айта кетсек, басқарма +7 (727) 229-81-36 нөмірлі сенім телефонын іске қосты, бұл арқылы жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешені құжаттарының бар-жоғын тексеруге болады.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.