21 қазандағы мәлімет бойынша, 978 адам коронавирус инфекциясынан (–828+ және 150 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 108 пациент стационарда, 870 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 3 адамның жағдайы ауыр,
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бүгінгі таңда Қазақстанда I компонентпен 10 841 112 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 601 773 адам. Ревакцинацияланды 5 590 236 адам.
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі