Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бостандық ауданында жаңа емхана салынады

Сонымен бірге, келесі жылдың ақпан айында «Керуен Медикус» клиникасы перзентханасының жаңа корпусы салынып бітеді.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы халқымен кездесуінде мәлімдеді.

"Мега Алма-Ата сауда орталығының төңірегінде азаматтарды әлеуметтік объектілермен қамтамасыз ету үшін тұрғындарымыздың өтініштерін ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі парк аймағы бар, 500 келушіге арналған емхана салу үшін 1,1 га жер учаскесін сатып алды. 2023 жылдың I-тоқсанында жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленеді, 2023 жылдың IV тоқсанында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады", - деді қала әкімі.

Сондай-ақ мегаполис басшысы «Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында» операциялық блог пен қабылдау бөлімшесінің құрылысы жалғасып жатқанын айтып өтті. Бүгінгі таңда жұмыстардың 50%-ы орындалды, құрылыс 2023 жылдың I тоқсанында аяқталады.

Сонымен бірге, келесі жылдың ақпан айында «Керуен Медикус» клиникасы перзентханасының жаңа корпусы салынып бітеді.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.