Кездесу уақыты: сағат 9:00
2022 жылдың 13 қазанында сағат 9:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуі Жетісу-2 шағынауданы, 2Б мекенжайдағы №117 жалпы білім беретін мектеп ғимаратында өтеді.
https://2gis.kz/almaty/firm/9429940000798764
Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Әуезов әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады.
Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.
Дереккөз: Almaty.tv.