Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда көшелердің бірінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі

Жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Алматыда көшелердің бірінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі.

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты келесі аймақтарда көлік қозғалысы уақытша шектеледі:

Ішінара жабылады:

- Саин және Мұстафин көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың солтүстік беті мен айналма жол 8 қазан сағ. 22:00 мен 9 қазан 06:00 аралығында;

-  Саин және Мұстафин көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың оңтүстік беті мен солтүстік-шығыс жол 9 қазан сағ. 22:00 мен 10 қазан 06:00 аралығында;

- Саин және Мұстафин көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың солтүстік беті 8 қазан сағ. 22:00 мен 9 қазан сағ.06:00 және 9 қазан сағ.22:00 мен 10 қазан сағ.06:00 аралығында;

-  Рысқұлов даңғ. Жангелдин көшесінен Сейфуллин көшесіне дейінгі бөлігі 9 қазан сағ.22:00 мен 10 қазан сағ.06:00 аралығында.

Толық жабылады:

- Саин және Торайғыров көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс беті 7 қазан сағ. 22:00 мен 8 қазан 06:00 аралығында;

"Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.