Кездесу сағат 9:00-де басталады.
2022 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 9:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданының тұрғындарымен кездеседі.
Кездесу Шевченко көшесі, 28 мекенжайдағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының ғимаратында өтеді.
Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Медеу әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады.
Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.
Дереккөз: Almaty.tv.