Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімі №2 Медеу аудандық перзентхана әкімшілігімен бірлесіп, Қала күні дүниеге келген сәбилердің аналарын құттықтау шарасын өткізді.⠀
Салтанатты құттықтау барысында әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Сакен Аралбаев қала күні туылған барлық сәбилердің аналарын аудан басшысы Еркебұлан Оразалиннің атынан құттықтады. «Бүгінгі ерекше күні дүниеге келген сәбилер де ерекше дарынды болады деген сенімдеміз. Біз үшін ең бастысы нәрестелер мен аналар денсаулықтарының мықты болуы. Мереке күні дүниеге келген және келетін барлық сәбиге аман-сау болуымен қатар, айтулы ел азаматы болып өсуіне тілектеспіз», - деген тілегін Сәкен Аралбаев білдіріп, босанған аналарға гүл шоқтары мен сыйлықтар табыстады.⠀
Айта кетсек, №2 перзентханада Қала күні 12 сәби дүниеге келді. Олардың 7 ер бала, 5 қыз бала.
Дереккөз: Медеу ауданы әкімінің аппараты