Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда №41 автобус бағыты ұзартылады

Енді автобус Гүлдала шағынауданына дейін барады.

Алматыда 22 шілдеден бастап №41 автобус бағыты Гүлдала шағынауданына дейін ұзартылады.

«Енді бұл маршрут Жақұт көшесінен Құлжа тасжолына қарай оңға бұрылып, содан кейін Бұқтырма көшесіне қарай тағы да оңға бұрылады. Айналма жол арқылы Құлжа жолына қайта түсіп, Уәлиханов көшесінің бойымен әл-Фараби көшесіне дейін барады. Сол жерден кері бұрылып, Уәлиханов көшесінің бойымен кері бағытта - Құлжа жолымен - Жақұт көшесімен, әрі қарай схема бойынша жүреді», - делінген қалалық Көлік холдингі хабарламасында.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.